Сейсенбі күні жарық көрген «Айқын» газетінде «кәсіподақ пен мемлекет, егіз бе едің?» деген журналист Айхан Шәріптің мақаласында металлургтердің «кәсіби зейнетақылық салымы» туралы ұсынысына баса назар аударылған. «Жұмыскер, техник-инженер мамандардың айтуынша, мемлекет кәсіби салымдарға қаржы бөлсе, жұмыс берушінің шығындарының өсімі 5 пайызды құрамайды, керісінше кәсіби салым қосылған жағдайда 7 пайызға дейін көтерілмек. Сонда ғана кәсіпорын әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалмақ делінген» металлург пікірі журналистің мақаласына өзек болып отыр.
Ал «Известия» газетіндегі «Кәсіподақтар президенттті қолдады» деген мақала Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының ХХІ съезінде жиналған кәсіподақ мүшелері бірауыздан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдады деп басталады. Сондай-ақ бұл мақалада Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуына қатысты бірнеше ұсыныстары да берілген. Солардың бірі 2007 жылы Семей ядролық полигонында зардап шеккен жандарға көмек ретінде өтемақы төлеу. Жәнеде алдағы 7 жылда Қазақстанның экономика әлемінде күрделі де өзгеше енгізулер болатындығы хабарланған. Қазақстан осы жеті жылда әлемнің дамушы 50 мемлекетінің қатарына қосылуы керектігі және де қазақстандықтардың тұрмысы 2012 жылға дейін жақсарып, әр адамның табысы екі есеге, яғни 70 мың теңгені құрайтындығы айтылған.
Сондай-ақ «Жас Алаш» газетінің 1 қарашасындағы санында журналист Жұлдыз Әбділданың «Біреуі кедейшілік жоқ дейді, біреуі кедейшілік бар дейді» деген мақаласында сайлауға екі адам түссе де, отыз адам түссе де талас-тартыс тек екі адамның арасында, яғни қазіргі ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен президенттікке үміткер Жармахан Тұяқбайдың арасында өтетіндігін жазады. Бұл мақалада журналист екі саясаткердің мемлекетте болып жатқан өзгерістерді екеуінің екі түрлі пікірлерімен салыстыра отырып береді. Мәселен, Н. Назарбаев: «Үкіметке білім кредиттері есебінен білім грантын 50 пайызға көбейту жөнінде тапсырма беремін» десе, Жармахан Тұяқбай: «Қазақстанда 2004 жылы білім саласына кеткен шығынның 1990 жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендеп кеткендігін» баяндайды. Мақалада Н. Назарбаев: «ана мен балаға, қарттарға жағдай жасалынып жатыр» десе, Жармахан Тұяқбай, керісінше, «ана мен бала өлімі, туберкулез ауруының деңгейі жөнінен Қазақстан әлемдегі ең артта қалған елдердің қатарынан орын алады» деп отыр.
Қадір түнінің ерекшелігі туралы мағлұмат берген «Егемен Қазақстан» газеті, барша мұсылман дініндегі жандарды татулық пен бірлікке бастайды деп жазады. Мақалада орталық мешіттің алдында қадір түнін қарсы алушы жиналған қауымға имамдар мен дінтанушы ғалымдар таң сібірлеп атқанша Құран Кәрім хадистерін мәнерлеп оқығандығы жазылады. Сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтары Астанадағы «Нұр-Астана», орталық мешіті мен Алматыдағы орталық мешіт пен телеарналар арасында байланыстың тығыз болғандығы хабарланады.
Ал «Эксперсс К» газетінде қазанның 30-ы күні Қасиетті рамазан айының 27-ші күнін мұсылмандар «Лай-лат-ұл-Қадыр» немесе «Қадыр түні» деп атайды дегенді журналист, құран кітабының 97-ші сүресінен келтірген. Сондай-ақ журналистің баяндауынша бұл күні мұсылман жұртшылығының болашақтағы тағдыры шешіледі. Аллаға мінәжәт қылып, жақсы ниет қылған жандардың тілегі орындалады делінген.