Алматы қаласындағы Республика алаңына ерте келгендердің бірі, келесі жылы жасы тоқсанға келетін Қанапия Асқаров есімді ақсақал желтоқсандағы болған оқиға есіне түскен сайын ылғи да көзіне жас келетінін айтады. Осыдан он тоғыз жыл бұрын жастардың қаны төгілген сол қаралы күндері Қанапия ақсақал Алматы қаласында болыпты. Сол кездері нақақтан-нақақ қандары төгілген жастардың тәуелсіздік үшін күрескендігін ол сол кездері білмеген көрінеді. Біз әңгімеге тартқан, желтоқсандағы қанды қырғынды көзімен көрген азаматтардың бірі, “Қазақстан-Заман” газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы жыл өткен сайын бұл күннің маңызы төмендеп бара жатқандығын сөз қылды.
“Бұл Қазақстан үшін ең маңызды күндерді бірі болуы керек”, - дейді ол.
Желтоқсанда шейіт болған жастардың рухына тағзым ету үшін Алматы қаласындағы бас алаңға арнайы келген экс-депутат Серікбай Әлібаев бұл күннің мереке ретінде аталып өтіп жатқандығына разы емес екен. Оның айтуынша, талай қазақ жастарының қаны төгілген күнді мереке емес, қайта керісінше, қаралы күн ретінде атап өту керек.
Ал, сағат тоғыздан асқанда Республика алаңына Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов келіп, гүл шоқтарын қойды. Біраз уақыт өткеннен соң президент сайлауының алдында жаңадан құрылған “Желтоқсан” республикалық қозғалысының жетекшілері, осыдан он тоғыз жыл бұрын шейіт болған жастардың рухына дұға бағыштады.
Республика алаңына келгендердің бірі Гүлбаһрам Жүніс болса әлі күнге Қазақстан халқы толық тәуелсіздікке қол жеткізе алған жоқ деп санайды екен. Оның пікірінше әлі күнге дейін өз ойын айтуға ұмтылатын азаматтар қыспаққа ұшырап келеді. Желтоқсан оқиғасынан кейін, төрт жылға бас бостандығынан айырылған, Қазақстанның басшысы болған Дінмұхамед Қонаевтың жеке күзетінде қызмет істеген Мырза Акуев үшін, сол уақыт өте ауыр жылдар болыпты. “Азаттық” радиосына берген сұхбатында ол қазақ жастары алаңға шыққанда Дінмұхамед Қонаевтың олардың тағдырына қатты алаңдап, көзіне жас алғандығын әңгімелеп берді.
Сондай-ақ 16 желтоқсан күні республика алаңына оппозиция басшылары да келіп тағзым жасады. “Әділетті Қазақстан” қозғалысының басшысы Жармахан Тұяқбай “Азаттық” радиосына берген сұхбатында осыдан он тоғыз жыл бұрынғымен салыстырғанда Қазақстанда оң өзгерістердің бар екендігін атап өтті.