ТЕҺРАН. Иран өкілдері Теһранның даулы ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз өткізу үшін ертең Брюссельге барады. Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания, Франция және Германия елдері Иранның ядролық мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне беру мақсатында дипломатиялық әрекеттер жасауда. Ақпанның 2-сі күні Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі төтенше жиналысында Теһран мәселесін талқылайды деп жоспарланған.