Боливия президенті Эво Моралес елдің энергетикалық секторын мемлекет меншігіне айналдыру жөнінде бұйрық берген соң, үкімет күштері табиғи газ көздерін күзетуді бастады. Моралес егер Боливияның энергетикалық саласына тартылған шетелдік компаниялар 6 ай ішінде өндірістің үкімет бақылауында екенін мойындамаса, онда олар елден шығарылады деп ескертті.