Accessibility links

АҚШ президенті Иран мәселесін телефон арқылы талқылады


Иран өзінің ядролық бағдарламасына арналған келіссөзді Еуроодақтың үш елімен қайта бастағысы келеді деген ресми Теһранның мәлімдемесін АҚШ-ы жылы қабылдады. Бұл туралы Ақ Үй өкілі Тони Сноу хабарлады. Иран Сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Теһран Британия, Франция және Германия елдерімен келіссөз өткізуге дайын деп мәлімдеген болатын. Бұл келіссөз оң нәтиже береді деп үміттенеміз, бірақ Иранмен араласқанда сақ болу керек деді Ақ Үй өкілі Тони Сноу. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия өкілдері бейсенбі күні Венада кездесіп, Иранның ядролық мәселесін талқылайды. Оның алдында АҚШ президенті Джордж Буш Иран мәселесі жөнінде Ресей, Франция және Германия басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.
XS
SM
MD
LG