ОСЛО. Бүгін Норвегияда жер бетіндегі барлық дәнді дақылдың үлгілерін экологиялық апаттан немесе ядролық соғыстан жақсы қорғайтын ерекше қойманың құрылысы басталды. “Ақыр заманның қоймасы” деп аталған құрылыс Солтүстік полюстен 1 мың шақырым қашықтықта орналасқан арктикалық Шпицберген аралындағы таудың мәңгілік мұзы астына – тереңге салынбақшы.