БАҒДАД. “Адамзатқа қарсы қылмыстар істеді” деген айып тағылған С.Хусеиннің ісін қарайтын сот 24-інші шілдеге дейін ысырылды. Үзілісті сот төрағасы Рауф Абдиль-Рахман адвокаттардың қатысуынсыз өткен кешегі отырыста жариялады. С.Хусеиннің адвокаттары жеке бастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп, сот отырысына байкот жариялады. Абдиль-Рахман егер адвокаттар 24-інші шелдеге қарай оралмаса, басқа қорғаушыларды тағайындайтынын мәлімдеді.