БУХАРЕСТ: Румыния премьер-министрі Калин Таричеану Бухаресттің Еуропа Одағына қабылдануы халықтың жаппай эмиграцияға кетуіне түрткі болады деген пікірді жоққа шығарды. “Файнэншл таймс” газетіне берген сұхбатында Таричеану Румыния экономикасының дамуы, іс жүзінде, жұмыс іздеген мигранттарды елге тартады деп мәлімдеді. Осы аптада Еуроодақ басшылығы Болгария мен Румынияға 2007-нші жылы өтетін келіссөз жайында хабарлауға тиіс.