Ирақтың Мосыл қаласында бүгін жанкештілік шабуыл жасалды, кемінде жеті адам қаза тапты. Адам шығыны өсе түсуі мүмкін. Ирақта қақтығыс барысында екі америкалық сарбаз қаза тапты. Ираққа қатысты тағы бір жаңалық – сегіз америкалық сарбаздың соты басталады деп жарияланды, олар Махмадия қаласында жергілікті қызды зорлаған, сосын өлтірген және осы қыздың отбасын өлтірген деп айыпталды.