Accessibility links

Ақ үй “Ирақтағы жағдай азамат соғысына әлі жете қойған жоқ” деп мәлімдейді


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан Ирақтың азамат соғысы алдында тұрғанын ескертіп, оған жол бермеу үшін шұғыл шара қабылдауға шақырды. Оның алдында Ақ үй Ирақтағы қантөгістің “жаңа белеске” жеткенін мойындаған болатын. Сонымен бірге мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Шон Мак-Кормак “Ирақтағы жағдайдың азамат соғысына әлі жете қоймағанын” атап көрсетті. 23-інші қараша күні Бағдадтағы бірнеше дүркін лаңкестік қастандықтан 200-ден аса адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG