Accessibility links

Блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен трюк кезінде адам өлген


Оқиға Алматы облысы Іле ауданындағы "Сокол" автодромында 29 қазанда болған. 22 жастағы жігіт блогер Бейбіт Әлібековтің көлігімен трюк кезінде ауыр жарақаттанып, ертесінде қаза болған.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"29 қазанда Ақсай ауылындағы "Сокол" автодромы аумағында видео түсіру кезінде 22 жастағы жігіт трюк жасап жатып, абайсызда 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түсіп кеткен. Нәтижесінде зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жатқызылып, 30 қазанда ес жимаған күйі көз жұмды" деп жазылған Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Блогер Бейбіт Әлібековтің сөзінше, Бытырхан Ержан есімді жігіт одан байқауға қатысу үшін бірнеше рет көлігін сұраған. Бастапқыда ол бас тартқан. Ол тіпті Telegram арнасында көлік беру-бермеу жөнінде сауалнама да ұйымдастырған. Соңғы рет сұраған кезде блогер рұқсат берген.

"Сокол" автодромы оқиғаға түсініктеме беруден бас тартты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG