Британия полициясы Лондонда уланып қайтыс болған Ресейдің Федералды барлау Кеңесінің бұрынғы қызметкері Александр Литвиненконың өлімін тергеуді жалғастырып жатыр. Британдық өкілдер Мәскеуде Ресей прокурорларымен кездесті. Ресейдің Бас прокуроры Юрий Чайка өз қызметкерлері Британия үкіметіне мүмкіндігінше көмектеседі деді. Бірақ, Чайка Британия агенттері әркімді бір сұраққа ала алмайды деп айтты. Және бұл іске қатысы бар деп күдіктелген ресейліктер бар болса, оларды сотқа тарту үшін Британияға жібермейтінін ескерткен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?