Accessibility links

АҚШ әскерінің Ирақтағы шабуылынан соң адам шығыны жайында мәліметтер қарамақайшы болып тұр


Шабуыл сүннит көтерілісшілерін паналаған Ишақи қаласында кеше болды. АҚШ әскері мұнда Әл-Қаиданың 20 адамы өлтірілді, олардың арасында екі әйел бар дейді. Бірақ Ирақ полициясымен ресми өкілдеріне сілтеме жасаған батыс жаңалық агенттіктері шабуылдан жеті әйел және сегіз бала қаза тапты дейді. Бағдадта сөйлеген АҚШ қолбасшыларының бірі Питер Кьюрелли орын алған әр оқиға толық тергеледі деп журналистерге уәде айтты.
XS
SM
MD
LG