Қырғызстан астанасы Бішкекте наразылық танытушылар Дүниежүзілік Банк ғимаратына жұмыртқалар лақтырып, осы ұйымға қарсы үндеулер айтты. Наразылық танытушылардың талап етуінше, Қырғызстан билігі қарызды жеңілдету жөніндегі Дүниежүзілік Банк бағдарламасына қосылу жоспарынан бас тартуы керек. Қырғыз үкіметі аталған бағдарлама Қырғызстанның сыртқы қарызын өшіруге көмектеседі деп үміттенеді.