Accessibility links

Астана мен Киев ядролық қуат саласында ынтымақтасуды жоспарлап отыр


АСТАНА: Украина мен Қазақстан премьер-министрлері ядролық қуат өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылағандарын мәлімдеді. Оның ішінде Украина Қазақстанда атом-электр стансаларын салу жобаларына атсалысуы мүмкін. Астанада 2 күндік жұмыс сапарымен жүрген Украина премьер-министрі В.Янукович пен қазақ үкіметінің төрағасы Д.Ахметовтің бүгін қол қойған ресми құжатында ядролық қуат саласындағы ынтымақтастық мәселесі ерекше орын алды. В.Янукович Қазақстанға екі елдің энергетика саласындағы қарым-қатынасын дамыту мәселесі бойынша келіссөзге өткізуге келді.
XS
SM
MD
LG