Accessibility links

Қырғыз үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді.


Азаттық радиосының Қырғыз қызметі хабарлағандай, Қырғызстанның премьер-министрі Феликс Кулов қызметінен кетті. Мұндай шешім бүгінгі отырыста жасалған. Елдің ақпарат агенттіктері Куловтың сөзін келтіріп, ол бүгін кешкісін бұл жағдайды ел президенті Құрманбек Бакиевпен талқылап, одан кейін барып, үкіметтен кету жөніндегі шешімі қабылдана ма, жоқ па белгілі болады деген. Басқа ақпарат көздері Куловтың үкіметтің бұл шешімі Қырғызстанның жаңа қабылданған конституция заңына байланысты елдегі жағдайға орай жасалды деген сөзін беріп жатыр.
XS
SM
MD
LG