Accessibility links

Түркіменстан президентінің міндетін атқарушы болып Гурбанқули Бердымұхамедов тағайындалды


Түркіменстан президентінің міндетін атқарушы болып бас министр орынбасары-денсаулық сақтау министрі Гурбанқули Бердымұхамедов тағайындалды. Ол Ниязовты жерлеу комиссиясын да басқарады, деп жариялады Түркімен телекомпаниясы. Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов бүгін кенеттен 66 жасында қайтыс болды. Ниязов жексенбі күні жерленеді. Елде жеті күн аза жарияланды. Өзін Түркіменбашы деп атаған Сапармұрад Ниязов елді 1985 жылдан бері биледі. Ол елде қатаң авторитарлық билік орнатты. Ниязов 1997 жылы жүрегіне операция жасатқан болатын. Денсаулығының сыр беріп жүргенін Ниязов өткен айда алғаш рет мойындаған еді.
XS
SM
MD
LG