Сәрсенбі күні Пекинде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен Қазақстан президентінің салтанатты түрде ресми кездесу рәсімі өтті, - деп жазады «Литер». Басылымның хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың 21 ғасырдағы ынтымақтастық Стратегиясына және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту Тұжырымдамасына қол қойылды. Тараптар сондай-ақ, 2005 жылғы 4 шілдедегі “Қорғас” шекаралық ынты¬мақ¬тас¬тықтың халықаралық орта¬лы¬ғының қызметін реттеу жөнін¬дегі үкіметаралық келісімге өзге¬ріс¬тер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға және Қа¬зақстан мен Қытай темір жолдарын қосу жөніндегі меморан¬думға қол қойды, - деп жазады «Литер» .
«Егемен Қазақстан» газеті, осы жүздесу барысында Қытай Төрағасы Ху Цзиньтао мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздерінен үзінді келтіреді. Ху Цзиньтао Қытай халқы Қазақстан Президентін жақсы танитынын және құрметтейтінін айтқан. Ал, өз кезе¬гінде Назарбаев бұл кездесу страте¬гиялық әріп¬тес¬тік¬ті бекіткеннен кейінгі бірінші кез¬десу екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Президент Қытай Қа¬зақстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып табылаты¬нын және орныққан осы тығыз байланыстарды бағалай отырып, мақтан тұтатынын атап көрсетті, - деп жазады «Егемен Қазақстан».
Назарбаевтың Қытайға сапары туралы, бір сапардың барысында он түрлі құжатқа қол қойылуы екі түрлі тұжырымға жетелейді, - деп жазады «Тасжарған» апталығы. «Біріншіден, әдетте сауысқаннан сақ келетін қытайдың қазаққа құрақ ұшуы, Қазақстан нарығын игеруге деген құлшыныстан туған. Яғни, Қытай мемлекеті ұсақ-түйек жеңілдіктерге жол бере отырып, үлкен стратегиялық мақсат көздеуі мүмкін. Екіншіден, Қытайдың ұлан-ғайыр рыногына шығуды желеу етіп, Қазақстан өзінің Батыс елдеріндегі әріптестеріне сес көрсеткен сыңай танытуда. Оның мәні – ЕҚЫҰ Қазақстанға есігін ашпайтын болса, Қазақстан Қытайдың құшағына кіруі мүмкін», - деп жазады «Тасжарған»
Осы орайда, «Время» газеті, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету арманына орындалмау қаупі төніп тұр - деп жазады. Басылымның жазуынша, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының бұл мәселені талқылауды 12 айға кейін қалдыруы қоғамда екі түрлі бағалануда. Бұл қазақстандық дипломатияның сәтсіздігі, немесе ресми орындардың пікірі бойынша, жеңісі, - деп жазады «Время» басылымы.
«Жас Алаш» газетіне сұхбат берген Қырғызстанның «Асаба» партиясы жетекшілерінің бірі Роза Отұнбаева да бұл мәселе бойынша өзінің пікірін білдіріпті. Роза Отұнбаеваның айтуынша, ЕҚЫҰ – ға төрағалық етуге «Қазақстан лайықты емес, бітті!» деп біржақты қарауға болмайды. Қазір Орталық Азияда демократиялық өлшемдер бойынша стандартқа сай ел қалмады. Егер Қазақстан кенеттен ЕҚЫҰ-ға төрағалық етсе, бұл осы аймақтағы барлық елдерге серпіліс берер еді. Көршілер де қозғалар еді, - дейді Роза Отұнбаева «Жас Алаш» басылымына берген сұхбатында.
«Свобода слова» апталығына сұхбат берген, «Нағыз Ақ Жол» партиясының тең төрағасы Ораз Жандосов, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мемлекет үшін аса маңызды меже емес дейді. «Үстіміздегі жылы аталған ұйымға Бельгия төрағалық етті. Алайда, сауалнаа жүргізілсе, бельгиялықтардан 5 пайызы ғана бұл туралы білуі мүмкін. Яғни бұл ұйымға төрағалық ету мемлекеттің ішкі жағдайына аса әсер ете қоймайды. Ал, Қазақстан билігі үшін, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету, орден алумен бірдей болған сияқты. Өкімет бұл орденге Тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсаңында ие болғысы келген секілді», - дейді Ораз Жандосов «Свобода слова» газетінде.