Accessibility links

АҚШ-тың соғыс базасын қуған Өзбекстан Ресейге әуе базасын беріп отыр


ТАШКЕНТ: Өзбекстан Ресейдің соғыс ұшақтарына өзінің бір әуе базасын пайдалануға рұқсат береді. Ресейдің әскери әуе күштері қолбасшысының орынбасары, генерал Айтек Бижевтің хабарлауынша, екі елдің өткен айдағы уағдаласуы бойынша, төтенше жағдай туғанда Ресей Өзбекстанның шығысындағы Навои әуе базасын пайдалана алады. 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегінен кейін Өзбекстан Ауғанстанда терроризмге қарсы соғыс қимылдарын жүргізген АҚШ-қа өзінің Қарши-Ханабад әуе базасын пайдалануға берген болатын. Алайда өткен жылғы “Әндіжан қырғынынан кейін” Ташкент АҚШ-ты ол базадан қуды.
XS
SM
MD
LG