Хамид Қарзай Пәкістанның екі елдің арасындағы шекараға тосқауыл орнатып, шекара сызығының біраз бөлігін миналау туралы шешіміне наразылық білдірді. Қарзай мұндай шешім отбасыларды бөліп тастайды, ал бірақ жаугерлердің шекарадан өтуіне кедергі бола алмайды деп мәлімдеді. Қарзайдың сөзінше, Пәкістанның мұнан гөрі өз территориясындағы экстремистердің жаттығу лагерлерінің көзін жойғаны дұрыс болар еді. БҰҰ да Пәкістанның шекарада тосқауыл орнату шешімін сынаған болатын. Әзірге тосқауылдарды орнату мен шекара сызығын миналау ісінің қашан басталатыны белгісіз.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?