Accessibility links

«Валют-Транзит банкінің» қаржысына кім қызықты?


«Валют-Транзит банкінің» бұрыңғы төрағасы Андрей Белялов банктің қазіргі жағдайына өзі кінәлі және одан ешкім банкті тартып алған жоқ». Қазақстанның қаржы полициясының департамент бастығы Василий Суранков Астанада желтоқсанның 29 күні осындай мәлімдеме жасады. Естеріңізге сала кетсек Андрей Беляловтың өзі болса жемқорлықтың бір түрі рейдерлік арқылы банкті әдейі тартып алған деген болатын.

Қазақстанның қаржы полициясы «Валют-Транзит банкінің» бұрыңғы төрағасы Андрей Беляловқа қарсы қылмыстық іс қозғады. Ресми мәлімет бойынша ол банкпен байланысы бар компанияларға қаржы аударған деп айыпталады. Полиция мәліметінше күдіктелуші жалған кәсіпорындардың біріне 13 миллион долларға жуық қаржы аударып үлгірді. Кейін бұл қаржы Беляловтың есеп-шотына түскен деп хабарланады. Қазақстанның қаржы полициясының департамент бастығы Василий Суранковтың айтуынша «Валют-Транзит банктың» бұрыңғы төрағасы Андрей Белялов банктың қазіргі жағдайына өзі кінәлі және одан ешкім банкті тартып алған жоқ», деді ол.

Ал, «Валют-Транзит банктың» бұрыңғы төрағасы Андрей Беляловтың заңды қорғаушысы Лидия Шмакованың айтуынша Белялов банкпен байланысы бар компанияларға қаржы аудармады. Тек бір жағдайда кәсіпорындардың біреуіне демеушілік көмек көрсетілді. Андрей Беляловтың өзі болса жемқорлықтың бір түрі рейдерлік арқылы банкті әдейі тартып алды деген пікірде. Бұған дейін парламенттің қорғаныс комитетінің төрағасы Серік Әбдірахманов президент Назарбаевқа рейдерлік жемқорлықпен күресу үшін арнайы топ құруды сұраған:

- Сыбайлас жемқорлық әсіресе оның ең жабайы түрі рейдерлік. Біреудің мүлкін биікте отырған лауазым иелеріне сүйеніп меншіктеніп алу. Күшпен тартып алады қымбатқа сатады. Жер ме, үй ме, мекемеме ме, зауыт па, сотты, прокуратура, қаржы полициясын бәрін өзіне бұрып аладыда сосын басып алады.

Қаржы полициясының мәліметінше олар банктің жаңа қожайындарынан хат алды. Естеріңізге салсақ, қазан айында Британияның «BPA International» атты қаржы компаниясы «Валют-Транзит банктың» құнды қағаздарын сатып алуға ниет білдірген. Осылайша «Валют-Транзит банкісінің» жаңа төрағасы болып Украинада тұратын Стивен Джонсон тағайындалды. Оның қолында банк құнды қағаздарының 32 пайызы бар. Оның айтуынша Андрей Белялов банк қаржысын туыстарының есеп-шоттарына аудармақшы болған. Стивен Джонсонның өзі болса банктың қалған құнды қағаздарының әрқайсысын шамамен бір теңгеден сатып алмақ. Оның мәліметінше көп көлемдегі құнды қағаз ұстаушылардың қатарында Талғат Ермегияев бар. «Отан» партиясы басшылығында болған Амангельді Ермегияевтің баласында «Валют-Транзит банкі» құнды қағаздарының 28 пайызы шоғырланған деп хабарланады. Естеріңізге сал кетсек, Талғат Ермегияев былтыр банкрот болған «Наурыз-Банк» жұмысын қадағалаған «Наурыз-Холдинг» компаниясының құнды қағаздарында ұстаған. Сол кезде парламент депутаты болған шағында банктың жойылуына алаңдаушылық білдірген Серікбай Әлібаев «Валют-Транзит Банкіде» рейдерлердің құрбаны болды деген пікірін білдірді:

- «Наурыз-Банктың» мәселесін көтергенде, депутат болып жүргенде сол кезде біз көргенбіз «Наурыз-Банктың» акциялары кімнің қолында екенін. «Наурыз-Банктың» ар жағында біреудің алдын кесіп бөгет жасағаны үшін ол банкты жойды. Қазір бизнесте болсын, банкте болсын онда өзінің іріткі жасайтын азаматтарын жіберіп, ішінен бұзу, рейдерлік дамып отыр. Сондықтан мен мына осы банктің ар жағында тұрған осы деп ойлаймын. Бұл біреудің алдынан өтті. Ал қаржы полициясы бәрі олар биліктіғана қолдайды. Қаражатын жоғалтатын адамдарды ойламайды. Бұл бизнесті тартып алу.

Стивен Джонсонның айтуынша ол банктың зейнет қорын, ломбард бизнесін 80 миллион долларға сатып көбіне несие беретін банк ашпақ. Жаңа жылдан бастап бұл банкке жаңа атау беріледі, деді ол. Ал 3 жылдан кейін бұл қаржы институтының құнды қағаздары Лондон биржасында сатылады, дейді банк төрағасы. Ал, әзірге «Валют-Транзит банкінің» жаңа төрағасы Стивен Джонсон банк жұмысын тұрақтандыруға деп Қазақстан үкіметінен қарызға 10 миллиард теңге немесе 78 миллион доллар сұрап отыр. Ресми мәлімет бойынша «Валют-Транзит банк» Қазақстандағы орташа банктерге жатқызылды. Банк активтері орта есеппен 83 миллиард теңгеге бағаланды.
XS
SM
MD
LG