МОГАДИШО: Сомалидің премьер-министрі Әли Мұхаммед Джеди бүкіл халықтан, оның ішінде дала қолбасшылары мен рулардың қарулы жасақтарынан 5-інші қаңтарға қарай қаруын тапсыруды талап етті. Сонымен қатар үкімет төрағасы қаруын тастаған ислам жасақтарына рақымшылық жасайтынын мәлімдеді. Оның алдында ғана Сомалидің үкімет күштері мен оның одақтасы - Эфиопия армиясы – ислам жасақтарының соңғы бекінісі болған Сомалидің оңтүстігіндегі Кисмайо портынан исламшылдарды ығыстырып шығарды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?