Accessibility links

Белоруссия қаңтардың 8-і, дүйсенбіден бастап өз аумағынан Еуропа елдеріне өтетін Дружба мұнай құбырын жауып тастады


Бұл төтенше жағдайға түрткі болған нәрсе, Беларусь жағының түсініктемесіне қарағанда, Ресейдің газ бағасын бірден көтерүіне байланысты екен. Сонымен, Беларусь арқылы өтетін Ресей мұнайы Польша, Германия, Словакия және Чехияға жете алмайтын болып отыр. Сондай-ақ, Венгрияға ағатын мұнай көлемі де азая түскен. Міне осы ерекше ауыр жағдайға байланысты Еуропа одағы Ресей мен Беларусь елінен шұғыл жағдайда түсініктеме берілүін талап етіп отыр.

Ресейдің Беларусь аумағанан Еуропаға өтетін мұнай бағытының жауып тасталғандығы жөнінде дүйсенбі күні жарияланып, оны Еуропа комиссиясынан өкіл Ферран Тарранделас Естуни қаңтардың 8-інде растаған болатын.

– Біздің комиссия бұл жағдайды жақыннан қадағалап отыр. Польша арқылы өтетін Дружба мұнай құбырымен келетін мұнай тоқтады. Біздің қызмет Еуропа бағытындағы өзге мұнай құбырларын да бақылап жағдайды анықтап жатыр, - деген еді ЕуроКомиссия өкілі Еспуни.

Міне сондықтан,Тарраделас Еспунидің айтуынша, ЕуроОдақ Мәскеу мен Минскіден бұл мәселеге байланысты жедел түсініктеме жауабын беруді талап етіп отыр. Бұл жөнінде Тарраделас:

- Ресей және Беларусь елдерімен хабарласып түбегейлі түсініктеме берілуін сұрадық. Бәлкім, мұның техникалық себептері де болуы мүмкін ғой, - деген.

Бірақ Гомель ТрансНефть Дружба компаниясынан бас инженер Бордусскийдің «Азаттық» радиосы тілшісіне айтуынша, бұл мұнай берілуін қысқарту Беларусь мемлекеттік мұнай компаниясы БелНефтеХим ның бұйрығынан кейін іске асырылып отыр екен.

Ресей Сауда және Экономикалық даму министрі Андрей Шароновтың ИТАР-ТАСС агенттігіне айтуынша, Ресейдің Дружба құбырымен өз мұнайын Беларусь жерімен ағыза алмай отырғандығына негізгі себеп, Беларусь пен Ресей арасындағы газ бағасы жөніндегі даулы жағдай екен.

Соңғы өзара келісім бойынша, Беларусь Ресейден 2007-жылға алатын газды екі есеге көбірек бағасына келіскен болатын. Бірақ бұл арада Беларусь өз аумағынан Еуропаға өтетін мұнай үшін баж салығын талап етіп отыр. Сонымен, Ресей ол аумақтан өтетін әр бір тонна мұнайы үшін Беларусьқа 45 доллар баж салығын төлеүі қажет екен.

Ал ол Дружба мұнай құбыры арқылы жыл сайын Ресейдің 75 млн тонна мұнайы ағады. Сонымен жалпы Еуропаға жеткізілетін мұнайдың үштен бірінің әр тоннасына Ресей 45 доллардан салық төлеуі қажет болып тұр екен.

Германия Экономика министрі Майкл Глостың баспасөз маслихаты кезінде айтуынша, әзірше, ЕуроОдақ елдерінің бұл орайда алаңдауына негіз жоқ екен.

- Дегенмен, Германия Дружба бағытымен өз импорттық мұнайының 20 пайызын алады. Бұл жағдайдан Польшаға да мәселе туындап отыр. Сондықтан біз Беларусь пен Ресей өзара мәселені тезірек реттеп, ол бағытпен мұнай жөнелтуді тезірек жалғастырар деген үміттеміз, - дейді германиялық министр.

Бір қызығы, ЕуроКомиссия өкілі Эспуни Германияның 130 күнге жететін мұнай қоры бар десе, министр Глос ол қор көлемін 90 күн дейді.

- Сондықтан, мұндай төтенше жағдайдың салдары жеңіл болмайды, - дейді министр.

Ал Польшадағы мұнай қоры 70 күнге ғана жетер екен. Міне енді, қаңтардың 9-ы, сейсенбіде, бір апталық түрлі мерекеден кейін, Беларусьтың үкіметтік ресми топ Мәскеуге келіп, Ресеймен соңғы айда орын алған бұл энергетикалық маңызды мәселені талқылауға кірісті. Ресми топты Беларус экономика министрі орынбасары Найдунов басқарып келді. Ол топқа сондай-ақ бас министр орынбасары Кобяковтакеліп қосылыпты.

Жалпы Халықаралық атом агенттігі бұл жағдайдан Еуропа айтарлықтай тапшылық көрмейді десе, Балтық бойындағы 3 мемлекет - Латвия, Литва және Эстония Польшалық электр компания басшыларымен кездесіп, Литвада жаңа атом қуаты стансасын салу мәселесін талқылауда, деп хабарлайды тілшіміз Варшавадан.

Сондай-ақ, Германия канцлері Ангела Меркелдің сейсенбіде мәлімдегеніндей, ол Мәскеуге қаңтардың 21-інде келіп, президент Путинмен энергетика мәселесінде келіссөздер жүргізбек екен.
XS
SM
MD
LG