Чад республикасының әскерлері Суданның жолаушылар ұшағы аман-есен жерге қондырылған соң, ұшақты ұрламақ болған қарулы адамды ұстады. Әуе жол компаниясының басшылары ұшақтың ішіндегі барлық 103 жолаушы аман екенін айтуда. Ұшақты басқа жолға бұрып әкеткен қарулы адам, Чад еліндегі Франция елшілігінен баспана талап еткен.