Алматы қаржы орталығын реттеу агенттігінің төрағасы Әркен Арыстановтың айтуынша компаниялар шет елдегі биржаларға шығу үшін Қазақстанда акциялардың 20 пайызын сату керек деген талап қойылды. Біз оларды осы акцияларды дербес инвесторлар арасында таратуды сұраймыз, дейді ол.
Арыстановтың айтуынша 2008 жылы «Самрұқ» холдингіне кіретін ұлттық компанияларға осындай тапсырма беріледі. Мақсат Сингапурдағыдай халыққа акциядан табыс жасауды үйрету, дейді қаржыгер. Бірақ, бұл болашақта болатын шаруа. Ал, Астана тұрғыны Балбөпе Қасымованың айтуынша акциялар қарапайым адамдарға болашақта емес қазір сатылу керек, бірақ бұған жол берілмей отыр, дейді ол:
- Пайдалы дивиденді болады, ол күйіп кетпейді деген акционерлік қоғамдардың өздерінен артылмайды. Мен білемін, кезінде «Қазақмыс» акцияларының бөлігі өз адамдарында болды. Сосын даму жолына түскен кезде жоғарыда отырғандар акцияның пайдасын біліп өздері сатып алды.
Депутаттарда тұрғындарда ақша бар, бірақ оны салатын жерлер шамалы, деген. Депуттардың пікірінше «Қазпоштаның» Қазақстандағы түпкір түпкіріндегі елді мекендерде бөлімшелері бар. Сондықтан осы компания арқылы ауылдағы қарапайым тұрғындарда құнды қағаздарды сатып алуға мүмкіншілік жасалу керек еді, дейді депутаттар. Ал «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Бейбіт Ахабаевтың айтуынша оның компаниясы өз акцияларын қарапайым тұрғындарға ұсынған:
- Ауылдан шықпай алды. «Қозпоштаға» барып, өтініш беріп алған. Бір ай бұрын 30 мыңға алып, қазір 42 мыңға сатқан, жаман емесқой.
Ахабаев кез келген компания акцияларын брокерлер арқылы сатуды ұсынып отыр, өйткені бұл жағдайда сіз брокерге қаржыңыздың 0,1 пайызын ғана төлейсіз есесіне салық төлемейсіз. Қазір Қазақстанның қор биржасында күн сайын сауда жүргізіліп келеді. Егер брокердің бағасына келіссеңіз 15 минут ішінде акция сатып аласыз сатқан кезде де сонша уақыт кетеді дейді «Қазақтелеком» басшысы. Астана тұрғыны Балбөпе Қасымованың айтуынша бұл тек бір компания, қалған акцияларды халыққа бермес үшін қаржыгерлер сылтау іздеп отыр, дейді ол:
- Қазір бұлар айтады халық сенбейді дейді. Ей халық сенетін біріншіден оларға ешкім акциясын ұсыныпта тұрған жоқ. Қайта қайта бірінші көзір етіп алынған, халық сенімі жоқ дейді. Мен бұған қосылмаймын. Бірінші акцияларды иемденіп отырған адамдардың өзінде.
Естеріңізге сала кетсек, күзде «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының құрамына кіретін Барлау және өндіру компаниясы құнды қағаздарының 40 пайызы Лондон биржасында сатты. Қазақстандықтарғада сатылады деген ақпарат таратылғанымен компания басшылығы бұл саудаға тек лицензиясы бар брокерлік компаниялар арқылы түсуге болады деген мәлімдеме жасады. Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің төрағасы Арман Дунаев Қазақстанның қор биржасының нарығы әлі уақытқа дейін кестелік күйінде қалып отырғанын мойындады. Өкінішке орай онда дербес инвесторға жұмыс істеу қиын, дейді ол.
Депуттардың кейбіреуі шет елдік қаржы институттары қазақстандық компания құнды қағаздарын бір бағаға сатып алып базарда өздері белгілеген бағаға сатады, сөйтіп делдал болады деген пікірін жеткізген. Ұлттық компаниялар кіретін «Самрұқ» холдингінің басшылығы бұл саудада кәсіби мамандарды жалдаған орынды, деді.