Израильдің бұрынғы әділет министрі Хайм Рамон қызға қысым жасады, секс мағынасында кемсіту жасады деп айыпталды. Былтыр жазда қорғаныс министрлігінде қонақасы берілгенде Хайм Рамон әскер қатарындағы қызды сүйіп алған екен. Сол үшін ол үш жылға дейін түрмеге отырғызылуы мүмкін. Израиль президенті Моше Кацав та секс дауына тап болды. Ол қол астындағы әйелдерді зорлады деп айыпталуы мүмкін.