КАБУЛ: Кеше АҚШ генералы Дэн Макнэйл тәліптердің көктемгі шабуылдарының қарсаңында Ауғанстандағы НАТО күштерін ресми түрде басқаруға кірісті. Ауған президенті Х.Қарзайдың қатысуымен Кабулда болып өткен осы рәсімде генерал Макнэйл “өзінің міндетін атқарып болмай” немесе Ауғанстандағы “қауіп-қатерді әлсіретпей” халықаралық қауіпсіздік күштері “не өзінің миссиясынан, не міндетінен” бас тартпайды деп мәлімдеді. 33 мыңдық халықаралық күштердің алдыңғы қолбасшысы, британ генералы Дэвид Ричардс 2006-ншы жылдың халықаралық күштер мен Ауғанстанның армиясы үшін “жемісті жыл” болғанын атап көрсетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?