ДУШАНБЕ: Тәжікстанның ішкі істер министрлігі өз қызметкерлерінің Душанбе қаласының маңайындағы бір автокөліктен 200 келіге жуық апиын мен героин есірткісін тәркілегенін хабарлады. Құқық сақшылары Варзоб мекені жанында джип автокөлігін тоқтатып, оның ішінен есірткі аңғарылған соң, жергілікті 3 тұрғынды тұтқынға алды. Ішкі істер министрлігі әлгі есірткі заттар Ресейге жеткізілуге тиіс болған көрінеді. Тәжік үкіметі өткен 2006-ншы жылы 5 тоннаға жуық есірткіні қолға түсіргенін мәлімдеп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?