Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Аслан Мусиннің айтуынша, инфляция себебі бірнешеу.
«Мысалы, бірде бір жаңартпа жобалар жүзеге асырылмай келеді. Экспортта мұнай мен газ көп, ал шикізаттан тыс сала үлесі небәрі 6-7 пайыздан аспайды. Ауыл шаруашылық пен өңдеу салаларының үлесі болса, жылдан жылға көбеймей келеді. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласының өсімі жылына небәрі 2 жарым пайыздан аспаған. Қазақстан бойынша әр облыста тарифтер әр түрлі. Тұрғындардың қолындағы ақшада экономиканы жаңарту жобаларына емес, қозғалмайтын мүлік базарындағы өтірік баға өсіруге жұмсалып келеді. Осының барлығы инфляцияны өсіреді. Инфляцияның 8,6 пайыз болуы - өте үлкен. Осыған қарап, үкімет басшысы жаңа министрлерге нақты тапсырмалар берді», - деді вице-премьер.
Аслан Мусиннің хабарлағанындай, Қазақстанда инфляция 8 жарым пайыздан асқан. Салыстыратын болсақ, дамыған елдерде инфляция көрсеткіші 2 жарым пайыздан аспайды. Инфляция себептері бірнешеу дейді экономистер. Мысалы, монополистер өз қызметтерінің бағасын көтеріп, тарифтердің жоғарлауына әсер етті. Ал Астана тұрғындарының айтуынша, монополистер тозған жабдықтарын бағаны өсірмей-ақ жөндей алады.
Еңбек министрлігі баға көтерілгенімен есесіне еңбекақы да өсті деген деректі алға тартады. Ал, Астана тұрғыны Ляззат Исабекова, еңбекақы көтерілгенімен ақша құнсызданып кетті дейді.
Оның сыртында, Қазақстан банктері елдің қарызын көбейткен. Осылайша, Қазақстан экономикасында ақша көбейгенімен, ол тез құнсызданып барады дейді мамандар.
Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша, өткен жылы Қазақстанның тек мемлекеттік қарызы 9 миллиард доллардан асқан.
«Негізгі себеп - ұлттық банктің қарыздары. Бір жылдық көрсеткішпен салыстырғанда берешек мөлшері орта есеппен 3 жарым миллиард долларға өскен», - дейді Коржова.
Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Аслан Мусиннің айтуынша, инфляцияның тағы бірнеше себебі бар.
«Мысалы, соңғы екі жылда көбінесе екі салаға ақша салынып келеді. Ішкі жалпы өнімнің 50 пайызында құрылыс саласы мен несиені көптеп беріп әдеттенген банктер тұр. Баланстың бұлайша бұзылуы қауіпті», - деді ол.
Біріккен ұлттар ұйымына кіретін Әлемдік банк өкілдері Қазақстан құрылыс кластерін жасайын деп жатқан кезінде-ақ дәл осы салаға тым көп көңіл бөлу Голланд ауруына әкеп соғады деп ескерткен болатын.
«Өйткені, жұмысқа қабілетті жастардың көбі құрылысшы болып, басқа мамандықтарға және салаларға аз көңіл бөлінеді», - деген еді шетелдік сарапшылар.