БЕЙРУТ: Бүгін Бейрут қаласында Ливанның экс-премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуының 2 жылдығына байланысты жаппай митингі өтуге тиіс. 2005-інші жылдың 14-інші ақпаны күні Әл-Харири мен тағы 20-дан асатын адам Ливан астанасындағы зор жарылыстан құрбан болды. Осы оқиғаның 2 жылдығы қарсаңында Бейруттың негізінен христиандар тұратын ауданындағы 2 жолаушы автобусында болған жарылыстардан 3 кісі қаза болып, 20 шақты адам жараланды. Бұл қастандықтың неліктен осы ауданда болғаны белгісіз және оны әзірше ешкім өз жауапкершіліге алған жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?