Accessibility links

Президент сайлауының ресми қорытындысы 1 күн кешігіп жарияланбақшы


АШХАБАД: Түркіменстанда өткен жексенбіде болып өткен президент сайлауының ресми қорытындысын 1 күн кешіктіріп, бүгін жариялауға тиіс. Алдын-ала жоспарланғандай, Түркіменстанның Халық маслихаты бүгінгі сессиясында жаңа президенттің сайланғанын мақұлдап, оның міндетіне кірісу рәсімі – инаугурациясын өткізеді. Бұл рәсімге бірқатар елдің, оның ішінде Қазақстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Украина және Грузия президенттері мен Ресейдің премьер-министрі келіп қатыспақшы.
XS
SM
MD
LG