Сәрсенбі күні облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Омарова олардың жалпы саны 105 адамға жеткендігін хабарлады. Оның 92-сі балалар болса, 13-і сол балалардың аналары болып отыр.
«92-інші болып тіркеліп отырған бала Қазығұрт ауданында 2006 жылдың маусым айында туған сәби. Ол бала Қазығұрт аудандық ауруханада өткен жылдың маусымының 16-ынан 18-іне дейін болған. Онан көп кешікпей пневмония болып осы аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Сол жерде балаға қан құйылған. Балаға 1986 жылы туған осы ауданның Жаңабазар ауылының тұрғыны донор болған. Сол бала қазір Талдықорғанда әскери борышын өтеп жатыр екен. Қазіргі уақытта донорды ВИЧ-қа қарсы тексеру үшін арнайы хат жолданды. Сәби онан кейін облыстық балалар ауруханасында жатып емделген екен», - деді А.Омарова.
Бұған дейін дәрігер мамандар Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ-қа шалдыққандар саны 150 адамға дейін өсу мүмкіндігін алға тартқан болатын. Өйткені, ВИЧ дертіне қарсы тексерілуге тиісті балалардың кейбірі әлі күнге табылмай отыр.
«Олардың саны – 178. Оның 3-і ВИЧ-қа қарсы тексерілуден бас тартқан. Нақты мәліметтері жоқ 162 бала бар. 13 баланың ауруы туралы мәлімет жоқ», - дейді Айжан Омарова.
Денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ инфекциясы анықталғалы бері тексерілуге тиісті 242 донор болса, осы уақытқа дейін оның 237-сі дәрігер қарауынан өткен. Олардан ВИЧ инфекциясының белгілері анықталмаған. Ал қалған 5 донордың 4-і Қазақстан аумағында, 1-і Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмайтын болып шыққан.
Балалардың жаппай ВИЧ індетіне шалдығу оқиғасына кінәлі ретінде жауапқа тартылған дәрігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс жалғасуда. Ақпанның 13-і күні болған кезекті сот мәжілісінде ВИЧ індетінің таралуына қатысты жаңа деректер жарияланған. Осы күні сот мәжілісінде Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігерінен жауап алынған. Өзінің кінәлі емес екендігін мәлімдеген бас дәрігер тағылған айыппен келіспейтіндігін айтқан.
Ал осы отырыста жәбірленушілердің бірі баласының аурухана қызметкерінен құрт ауруын жұқтырып, іле-шала қызылшаға шалдыққанын мәлімдеген. Бұған дейінде сұралған айыпкерлер тағылған айыппен келіспеген болатын.
«Осы орын алған қайғылы жағдайдан қоғам болып қорытынды шығаруымыз керек. Айыптылар жауапқа тартылу керек. Сонда басқаларға сабақ болады. Айып тағылғандардың айтқандарына көніп, мұны сырттан келіп біреу қастандықпен жасады немесе үшінші бір жақтың әрекеті деп айыпты аударып тастасақ, онда біз бұл қауіп-қатерден ешқашан құтыла алмаймыз. Оңтүстік өңірде ВИЧ індеті анықталғанымен әлі күнге нақты іс атқарылмай отыр. Тек күресу керек деген айдарды тағып қойды, ал күресіп жатқан ешкім жоқ. Сыбайлас жемқорлық деген кең етек алды. Осы оқиғадан кейін, меніңше, дәрігерлер қалыптарын өзгерте қойған жоқ», - деді Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов.
Ал журналист Рысбек Сәрсенбайұлы: «Бұл жерде барлық жауапкершілікті айып тағылып отырған 21 адамның мойнына ғана артып қою дұрыс емес. Себеп-салдарлары туралы бұған дейінде көп айтылды ғой. Дегенменде, бұл жерде президенттің қателігі. Президент бұл салаға ол саланы білмейтін, медицинадан хабары жоқ адамды басшы етіп қойды. Бұл үлкен қателік еді», дейді.
ВИЧ инфекциясының таралуына байланысты өтіп жатқан сот мәжілісі жұма күні қайта жалғаспақ. Сондай-ақ ақпанның 14-і күні осы облыста вирусты гепатиттің кең етек алып кеткендігі жөнінде хабар тарады. Облыста бұл кеселге шалдыққандардың саны 25 пайызға артқан және олардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар екендігі хабарланып отыр.