Украина әскері Ресей жағында соғысқан Солтүстік Корея сарбазын тұтқынға алды. Оңтүстік Кореяның барлау қызметі ақпаратты растады.
AFP және Yonhap агенттіктері сүйенген Оңтүстік Корея ұлттық барлау қызметінің мәлімдемесінде "одақтас елдің барлау қызметімен ақпарат алмасу нәтижесінде Солтүстік Кореяның жараланған бір сарбазы тұтқынға алынғаны расталды" делінген.
BBC агенттігінің жазуынша, бұған дейін әлеуметтік желіде тұтқынға түскен сарбаздың суреті тараған, Украина билігі бұл ақпаратқа ресми түрде пікір берген жоқ.
Солтүстік Кореяның барлау қызметіндегі AFP дереккөзі сарбазды Украина армиясы тұтқынға алғанын айтқан, бірақ оны қай жерде ұстағаны белгісіз.
Оңтүстік Кореяның барлау қызметі бұған дейін Солтүстік Корея Ресей-Украина соғысында 1100 адамынан айырылды деп топшылаған.
Украинаның президенті Владимир Зеленский осыған дейін Курск облысында Ресей әскері жағында соғысып жатқан солтүстіккореялықтар арасында қаза болғандар мен жараланғандар саны үш мыңнан асып жығылатынын айтқан. 14 желтоқсанда ол солтүстіккореялық солдаттардың Курск облысындағы шабуылдарға қатыса бастағанын хабарлаған.
Екі күннен кейін Украина әскері Курск облысында қаза болған әскердің суреті мен видеоларын жариялаған. Дереккөзге сүйенген "Схемы" жобасының хабарлауынша, олардың арасында солтүстіккореялықтар да болған.
ПІКІРЛЕР