Accessibility links

Сирия мен Иран президенттері АҚШ пен Израилға қарсы бірігуге уағдаласты


Сирия президенті Башар әл-Ассад пен Иран президенті Махмұд Ахмединежад АҚШ пен Израилдың Таяу шығыстағы саясатына бірлесіп қарсы тұрамыз деп келісті. Башар әл-Ассад Иранға кеше ертеңгісін екі күндік сапармен барған болатын. Екі ел жетекшілері Ирақтағы тұрақтылық пен Ливандағы дағдарыс мәселелерін талқылады. Сирия президенті бүгін Иранның рухани көсемі Аятолла әл-Хаменеймен кездесуі тиіс. АҚШ Сирия мен Иран елдерін Ирақтағы бүлікшілерге көмектесіп отыр, олардың шекарадан емін-еркін өтуіне жол беріп қойды деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG