Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың қызы мен қазіргі президент Құрманбек Бәкиевтің бауыры парламенттегі бос орындар үшін сәуір айына белгіленген қосымша сайлауларда үміткер ретінде қатыспақшы. Бермет Ақаева оның бауыры Айдардан қалған парламенттегі бос орынға қол жеткізу үшін Кемлин ауданынан сайлауға түспекші. Ал Жаныш Бәкиев парламенттегі тағы бір бос орынға Қырғызстанның оңтүстігіндегі Отузадыр ауданынан өз кандидатурасын тапсырмақшы. Әлеуметтік демократиялық партиясының лидері Алмаз Атамбаев “Азаттық” радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында аталған екі кісінің де сайлауға түсуі қате болады деп мәлімдеді.
Қырғызстанның бұрынғы президенті мен қазіргі басшысының туыстары қосымша парламенттік сайлауға үміткер ретінде түспекші
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?