Өткен жылы ирақтық қызды зорлап, өлтіріп, оның отбасы мүшелерін де өлтірген американдық сарбаз 100 жылға түрмеге жабылды. өзінің айыбын мойындаған Пол Кортезге бейсенбі күні сот үкімі шықты. Осыған дейін бір американдық әскер 90 жылға абақтыға жабылған. Тағы үшеуі сот шешімін күтіп жатыр.