Accessibility links

“Хамас” үкіметті ФАТХ қозғалысымен бөліскенде Мәскеудің қолдауына сүйенгісі келеді


МӘСКЕУ: Палестина автономиясына қарсы қойылып отырған қаржылық шектеуді жоюға Ресей өзінің септігін тигізбекші. Бүгін Палестина үкіметін жасақтаған “Хамас” ұйымының лидері Халид Миша`алмен Мәскеудегі келіссөзінің алдында Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров осылай деп мәлімдеді. Оның қарсаңында Халид Миша`ал Ресей президентінің Таяу Шығыстағы өкілетті өкілі Александр Салтановпен келіссөз өткізді. Халид Миша`алдың Мәскеуге келуінің басты мақсаты - үкімет билігін “Хамас” пен оның бақталасы - “ФАТХ” қозғалысының өзара бөлісу ісінде халықаралық қоғамның батасын алу болып отыр.
XS
SM
MD
LG