Accessibility links

Колумбияға келген АҚШ президенті Боготаға 6-ақ сағат аялдайды


БОГОТА: Кеше АҚШ президенті Дж.Буш Латын Америкасының үшінші мемлекеті – Колумбияға келіп аялдады. Бұл сапардың мақсаты – демократия мен екі жақты сауда қатынасын қолдау. Дж.буш Колумбияда шамамен 6-ақ сағат болуға тиіс. АҚШ президентінің келері алдында Колумбия астанасы – Богота қаласында Дж.Буштың сапарына наразылық білдірген студенттер мен полиция қақтығысып қалып, қалада қауіпсіздіктің қатаң шаралары қабылданды. Дж.Буш пен Колумбияның консерватор президенті Альваро Урибе АҚШ-тың есірткіге қарсы күресті қаржыландыруы мәселесін талқылайды.
XS
SM
MD
LG