Accessibility links

Ресей компаниясы Ирандағы атом стансасын кешіктіріп тапсыруы мүмкін


ТЕҺРАН: Иран өзінің Бушердегі атом-электр стансасы құрылысының кешігуіне Ресей жағын айыптап отыр. Иранның ядролық агенттігінің басшысы Голам Реза Агазаде Ресейдің “АтомСтройЭкспорт” компаниясына Иранның ақшаны дер кезінде төлеп келгенін тағы да қайталады. “Мер” агенттігіне берген сұхбатында Агазаде ресейлік компанияның қаржы проблемасына тап болғанын, ал компания басшыларының осымен 8-інші рет ауысқанын атап көрсетті. “АтомСтройЭкспорт” компаниясы Иран өзіне қаңтар айынан бері ақша төлемегенін және соған байланысты Бушердегі атом-электр стансасын пайдалануға беру қыркүйек айынан кешіктірілуі мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG