Accessibility links

БҰҰ-ның тұрақты 5 мүшесі мен Германия Иранға қарсы қатаңдау жаза қолдануға жақын тұр


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылатын 5 мемлекет пен Германияның елшілері уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқаны үшін Иранға қарсы жаза қолдану туралы жаңа Қарар қабылдауға жақын тұрғандарын мәлімдейді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия елшілері БҰҰ-ының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде кеше кездескен болатын. Иранның ядролық емес қаруды экспорттауына және басқа елдердің Теһранға қаржылай несие беруіне тыйым салу мәселесі бойынша өзара уағдаласқандарын Қытайдың елшісі растады.
XS
SM
MD
LG