Кезiнде қызметінен шеттетілген бұрынғы президент Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаева сәуірдің 29-ында Қырғызстанда өтетін парламенттік сайлауда үміткер ретінде қатыспақ. Қырғызстанда 2005-жылы наурызда болған үкіметке қарсы халықтық көтерілістен кейін елге кері қайтқан отбасы мүшесі осы Бермет Ақаева ғана. Ол Солтүстіктегі Кемин ауданынан босаған депутаттың орны үшін бәсекеге түспек.