Accessibility links

Ауғанстандағы оппозиция да облыс әкімдерін тікелей сайлауды талап етуде


КАБУЛ: Ауғанстанның алдыңғы президенті Бурхануддин Раббани парламентте құрылған оппозицияның лидері болып сайланды. Сейсенбі күні Раббани “Ауғанстанның біріккен ұлттық майданы” фракциясының парламенттік көпшілікті құрайтынын мәлімдеп, облыс әкімдерін тікелей сайлауды талап етті. Ауған парламентіндегі жаңа фракцияны моджахедтердің бұрынғы қолбасылары, коммунистік дәуірдегі ауған үкіметінің мүшелері және Ауғанстанның бұрынғы патшасы Захир Шахтың немересі құрап отыр. Осы күні Ауғанстанның 34 өлкесінің әкімдерін президент Х.Қарзай тағайындайды.
XS
SM
MD
LG