Accessibility links

Украина президенті парламенттік сайлаулар мерзімінен бұрын өтеді деді


Украина президенті Виктор Ющенко елдегі парламенттік сайлаулар мерзімінен бұрын өтеді деп мәлімдеді. Сенбі күні пасха мерекесі қарсаңында ұлттық теледидардан сөйлеген сөзінде Ющенко парламентті тарату жөніндегі жарлығынан бас тартпайтынын айтты. Юшенконың айтуынша, Жоғарғы Раданың көптеген мүшесі билікті құлатпақшы болған.

“Менің шешімім заңды және конституцияға қайшы келмейді. Мен артқа шегінбеймін. Қоғамда теке-тірес пен шиеленіс болмайтынына мен кепілдік беремін. Елдің құқық қорғау мекемелері Украина президентінің бұйрығына бағынып отыр. Жаңа сайлаулар ашық және әділ өтеді”, - деді Ющенко.
XS
SM
MD
LG