БҰҰ ұйымының бас сарапшылары ғаламдық ауа жылынуы әлем елдеріне, әсіресе кедей елдерге кері әсерін тигізеді деп мәлімдеді. Климат өзгеру мәселесі жөніндегі Үкіметаралық комиссия кеше баяндамасын жариялады. Комиссия мүшесі Мартин Перри ауа темпаратурасының өсуі әсіресе Арктика аймағына, Африканың Сахара аймағына және Азия аймағына кері әсерін көп тигізеді деді. Азия мен Африка елдерінде ауыз су тапшылығы көбейіп, егін өнімдері азаяды деген болжам жасалды. Ресей мен Канада елдерінде, керісінше, ауыл шаруашылығына қолайлы жағдай көбейеді делініп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?