ОТТАВА: Канаданың сыртқы істер министр Питер МакКэй Ауғанстандағы НАТО күштерінің құрамындағы тағы 6 канадалық жауынгердің қаза болуын – “жеңістің құны” деп бағалады. Оның атап көрсетуінше, ауған халқының өз тағдырын өз қолына алуы және Ауғанстанның дүниежүзілік терроризмнің ордасына қайта айналмауы Канаданың да мүддесіне жатады. МакКэйдің сөзіне қарағанда, канадалық 6 жауынгер Кандагардың маңындағы жолға орнатылған бомбаның жарылысынан мерт болды. Оған “жанпидашыл-террористер жауапты”. Өткен 5 жылдың ішінде Ауғанстанда бас-аяғы Канаданың 51 жауынгері көз жұмды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?