Accessibility links

Бүгін Иран президенті ядролық мәселе жөнінде сөз қозғайды


Иран президенті Махмұд Ахмадинежад елдің ядролық бағдарламасына байланысты мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Бүгін ол Иранның уран байытатын Натанз зауытына барады деп жоспарланған. Ал кеше елдің сыртқы істер министрлігі “уранды байытуға деген өзінің заңды құқын Иран талдағысы келмейді” деп мәлімдеген болатын. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі уранды байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқан Иранға қарсы әзірше 2 түрлі жаза қолдану туралы Қарар қабылдаған. Ресми Теһранның айтуынша, оның ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты ғана көздейді.
XS
SM
MD
LG