Accessibility links

Иран уран байтуымызды тоқтатпаймыз деп тағы мәлімдеме жасады


Иран сыртқы істер министрі Манучехр Мотаки уран байтуымызды тоқтатпаймыз, әлем басшылары Ислам республикасы ядролық бағдарламасының "нақты жағдайын" мойындау керек деді. Екінші тарап, екінші жақтағылар жаңа жағдайды түсініп, қимылдаса жөн деп ойлаймыз. Ұсынатын жаңа нәрселері болса толыққанды және нақты келіссөзге баратынымызды үнемі айтып келеміз, ядролық мәселеде ешбір алдын-ала шарт қоймай келісім табуға дайынбыз, - деді Иран министрі. Иран Атом энергетикасы ұйымының басшысы Реза Ағазаде болса Натанз атом электростанциясында 50 мың уран байыту центрифугасын орнатуды қарастырып отырмыз деді.
XS
SM
MD
LG