Accessibility links

Бішкектің орталық Алатоо алаңында шеруге шықандар саны 10 мыңнан асты


Шерушілер президент Құрманбек Бәкиевтің орнынан кетуін талап етуде. Қаланың басқа да көшелері мен алаңдарында наразылық жиындары жалғасуда. Шерулерді ұйымдастырушылар Бәкиев осыдан екі жыл бұрын президенттік сайлау кезіндегі берген уәделерін орындамады, конституциялық реформалар жасамады, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізбеді дегенді алға тартады. Жеңіс алаңынан Алатоо алаңында тұрғандарға қосылған бірнеше мыңдаған адам Бакиевке қарсы ұрандарды айтып келді.
XS
SM
MD
LG