Accessibility links

Чо Сюң Хуэ жауыздығын жүзеге асырардан бұрын телеарнаға сәлемдеме жіберген


Виржиния Техникалық университетінде қырғын салған студент қылмыс жасайтын күні американдық NBC телеарнасына суреттер мен жазбалар жолдаған. Суреттер мен видотаспаларда қолдарында пистолет ұстаған кісі өлтірушілер бейнеленген. Сонымен бірге ол өзінің психологиялық проблемалары туралы жазбаларын жіберген. Материалдардың барлығын NBC телеарнасы Федералдық барлау бюросының тергеушілеріне берген. Шыққан тегі оңтүстік кореялық Чо Сюң Хуэнің бұдан бұрын осы университетте оқитын екі студент қыздың соңына түсіп қудалағаны анықталған. 2005 жылы ол психиатриялық ауруханада емделіп те шыққан екен. Ол дүйсенбі күні студенттер мен ұстаздар бар, барлығы 32 адамды өлтірген қанды қырғыннан соң өзін-өзі атып өлтірген болатын. Америкада ұлттық аза тұту жарияланды.
XS
SM
MD
LG