Өзбекстан ақпараттық агенттіктер Қазақстанда ұсталып, кейін Минск конвенциясына сәйкес Өзбекстанға берілген Рыскұл Құлбековтың 20 жылға сотталғанын хабарлады. Ол «діни экстремист, халықаралық лаңкестік топтармен тығыз байланысты» деген айыппен сотталып отыр. Ал екінші бір Өзбекстан азаматы - Әлібек Бимұрзаев Өзбекстанда тыйым салынған діни экстремистік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Қазақстанда осы айдың басында ұсталып, қазір Тараз абақтысында қамауда жатыр. Ол да Өзбекстанға қайтарылу кезегін күтіп отыр. Жамбыл облыстық ішкі істер депатаментінің лаңкестікке қарсы күрес бөлімінің бастығы Марат Бұжықов Бимұрзаевтың әзірге Өзбекстанға берілмегенін айтады.
- Оны қайтарып беру мәселесі реттеліп жатыр, ал ол қазір осы Таразда. Оны Өзбекстанға қайтарып беру ұзақ мәселе - Бас прокуратура тиісті құжаттарын реттеген соң Минск конвенциясына сәйкес қайтарылмақ, - дейді Бұжықов.
Ал Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау ұйым өкілдері өзбекстандық азаматтардың тағдырына алаңдаушылық білдіруде.
- Қазақстан «Босқындардың мәртебесі туралы» және «Азаптауға қарсы» халықаралық конвенцияларды 1998 жылы бекіткен. Сол құжаттарда егер қандай да азаматты қандай да мемлекетте азаптау күтіп тұрса ол азаматтың паналап жүрген мемлекеті, біздің жағдайда - Қазақстан, ол азаматты азаптауы мүмкін мемлекетке, яғни Өзбекстанға, қайтарып бермеуі міндеттеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде бекітілген бұл халықаралық құжаттардың мәртебесі Қазақстанның жетекке алып жүрген Минск конвенциясынан да, одан кейін қабылданған Кишинев конвенциясынан да жоғары екенін ескеріп, Қазақстан алдымен осы халықаралық конвенция талаптарын сақтауды ойласа, Бимұрзаевты Өзбекстанға қайтармауы керек, - дейді Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының директоры Евгений Жовтис:
Ал осы бюроның заңгері Мария Пульман: «Бұл азаматты ешқандай жағдайда Өзбекстанға қайтаруға болмайды. Қайтарып беру деген сөз Қазақстанның «Азаптауға қарсы» халықаралық конвецияны орындамағанын білдіреді, - дейді.
Осы жағдайды қортындылаған Евгени Жовтис:
– Қазақстан ол азаматты халықаралық тәжірибеге сәйкес Өзбекстан үкіметінің қолындағы бар құжаттар негізінде өз жерінде сотқа тарта алады. Оған Өзбекстан жағының өкілдері де қатысуына болады. Ал ол азаматты ешқандай жағдайда, тіпті ол қандай да қылмысқа қатысы бар болса да, егер оны азаптау күтіп тұрса, басқа мемлекетке беруге болмайды, - дейді.
Тура осындай - «лаңкестік», «діни экстремис» және «адам өлтірген» деген айыппен қамауға алынған Әлібектің ағасы Жақшыбек Бимұрзаев 2005 жылы Қазақстанда 25 жылға сотталған болатын.
Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Құлмұхамбет Қасымовтың айтуынша, биылғы жылы Қазақстанда «Хизб ут-Тахрир» діни экстремистік топтың 9 жақтаушысы ұсталып, олардың үстінен 5 қылмыстық іс, ал былтыр дәл сондай 69 қылмыстық іс қозғалған.